Диалогта түрлі бағыттарда Өзбекстан-Үндістан қарым-қатынастарының бүгінгі жағдайы мен даму болашақтары талқыланды. Жоғары деңгейдегі кездесулер нәтижесінде қол жеткізілген қаулылар мен келісімдерді жүзеге асыру үшін тараптар біріккен іс-шараларды қарастырға дайын екендігі атап өтілді.
Елші Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың 2023 жылдың 12 январында Үндістанның G20-дағы төрағалығы аясында өткен «Жаһандық оңтүстік дауысы» виртуалды саммитінің жалпы мәжілісіндегі қатысуы мен сөйлеген сөзін жоғары бағалады.
Үстіміздегі жылы екіжақты формада, сондай-ақ Үндістан-Орталық Азия диалогы мен халықаралық құрылымдар аясында біріккен шараларды ұйымдастыру жоспарлары қарастырылды.
Сауда, инвестиция, тоқымашылық өнеркәсібі, IT, білім және денсаулық сақтау салаларындағы біріккен жобаларды ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.