Бұл туралы Узгидромет хабарлады.
Дүйсенбі күні Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында және күннің екінші жартысында Самарқант, Қашқадария облыстарында жаңбыр жауады. Бұл күн декабрь айының соңғы күндерінің ең жылы күні болмақ. Күндіз ауа +13...+18 градусқа дейін ыстық болды.
30-31 декабрь күндері республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, солтүстікте қарға айналады. Тек Ферғана аңғары облыстарында жауын-шашын күтілмейді. 30 декабрьде ауа температурасы төмендей бастайды, ал 31 декабрьде ауа температурасы +5...+10 градус шамасында болады.
1-2 январь күндері Өзбекстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Сұрхандария облысы мен Ферғана аңғары облыстарында 1 январь күні кей жерлерде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. 1 январь күндізгі ауа температурасы +3...+8 градус, ал 2 январь +8...+13 градус болады.
3-4 январь күндері республика аумағына ылғалды және салыстырмалы түрде суық ауа массалары кіріп келеледі. 3-4 январь күндері түнде және таңертең республиканың кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қарға айналуы мүмкін) болады. 4 январь қарай күндізгі температура 0...+5 градусқа дейін біртіндеп төмендейді.
Республиканың кей жерлерінде кей күндері желдің жылдамдығы 13-18 м/с күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі. Таулы аймақтарда уақыт-уақытымен жауын-шашын қар түрінде жауады, кей жерлерде қатты болады. Қар көшкіні жүру қаупі бар.
Дүйсенбі күні Ташкентте жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы +15...+17 градус болады. 30 декабрьде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +11...+13 градус болады. 31 декабрьде өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +8...+10 градус болады.
1-2 январь күндері жауын-шашын күтілмейді. 1 январь күндіз ауа температурасы +5...+7 градус, 2 январьда +11...+13 градус болады. 3-4 январьда өткінші жауын-шашын болады (жаңбыр, қар болуы мүмкін). Күндіз ауа температурасы біртіндеп 0…+5 градусқа дейін төмендейді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел шығыстан орташа жылдамдықпен соғады.