Бұл келісімге астанамыздағы «Узекспомарказ» Ұлттық көрмелер кешенінде өткен «Жібек жолы туризмі» 28-Ташкент халықаралық туризм жәрмеңкесінде қол жеткізілді. Оған өз стендімен қатысқан Сырдария облысының әкімдігі халықаралық жәрмеңкенің алғашқы күнінде-ақ әлемдегі жетекші BBC Global News медиакомпаниясымен ынтымақтастыққа қол жеткізді, деп жазады әкімдіктің ақпарат қызметі.
Келісімге орай, екі тарап облыстың туризм әлеуетін бүкіл әлемге насихаттауға қаратылған біріккен жобаны жүзеге асырмақ. Алдағы уақытта облыстық туризмді BBC Global News аудиториясы арқылы Батыс Еуропа мен Америка құрлығында насихаттап, шалғай шетелдерден Сырдарияға келушілер санын көбейту көзделуде. Сондай-ақ, облыста жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.