Ақалтын ауданында жоғары технологиялық нақтама қою және емдеу тәжірибесі енгізілді

    Осыдан бір жарым жыл бұрын Сырдария облысындағы, Ақалтын аудандық медициналық бірлестіктің, оның хирургиялық бөлімшесінің орнында 50 орынға арналған Ауданаралық буын жарақаты және жүрек-қантамыр орталығы жұмыс істей бастады.

    Мекемеге Дүниежүзілік банктің жедел медициналық көмекті дамыту қоры есебінен ең соңғы үлгідегі Apelium стационарлық рентген аппараты, Hamilton C-1 жасанды өкпе желдеткіші, Видеогастроскоп жинағы, видеобронхоскоп жинағы, ЭКГ аппараттары, КШС, ПЦР аппараты, биохимиялық анализатор гематологиялық анализатор жинағы, зертханалық центрифуга жинағы, иммунофермент анализаторы, МСКТ аппараты, гемодиализ аппараттары, ЭОП рентген және мобильді рентген аппараты, УТТ аппараты, лапароскопиялық аппарат әкелініп орнатылды.

    Мұның нәтижесінде Ақалтын, Сардоба және Мирзаабад аудандарының 134 247 тұрғынына жедел медициналық көмек көрсету мүмкіндігі туды. Бұған дейін аталған аудандардың тұрғындары жедел медициналық көмек үшін 50-80 шақырым жерде орналасқан Республикалық жедел жәрдем орталығының Сырдария облыстық филиалына және сол типтегі емдеу мекемелеріне жүгінетін.

    — Ауданда Ауданаралық біріккен буын жарақаты және жүрек-қантамыр орталығының ашылуы түрлі әурешіліктің алдын алып қана қоймай, Ақалтын, Сардоба, Мирзаабад аудандарының тұрғындарына, сондай-ақ Ташкент-Терміз Үлкен тракті бойымен әрекеттенген жүргізуші мен жолаушыларға, жол-көлік оқиғасы салдарынан болған буын жарақатына медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - дейді аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері Ғофур Абдураимов.

    — 2024 жылдың 7 айында аудандық медициналық бірлестікке 10 326 науқас жүгінсе, содан 1782 науқас Ауданаралық буын жарақаты орталығына жатқызылды. Нәтижеде 253 науқаста дәстүрлі әдістегі ота, 111 науқасқа жоғары технологиялық «лапароскопиялық холецистэктомия», «лапароскопиялық аппендэктомия», сүйектерге «медуллярлық остеосинтез блокадасы» отасы жасалып, 8 544 науқасқа жаңа амбулаториялық көмек көрсетілді.

    Бұдан тыс, Ақалтын аудандық медициналық бірлестікке, оның Ауданаралық буын жарақаты және жүрек-қантамыр орталығына әкелінген ең соңғы үлгідегі «мультиспиральдық компьютерлік томография» арқылы 202 науқастың, рентген аппараты жәрдемінде 7012 науқастың, ультадыбыс аппараты жәрдемінде 10148 науқастың саламаттық көрсеткіштері тексеріліп, тексеру нәтижесіне қарай диагностикалау мен емдеу жасалды.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүгінген 343 науқастың 82-сіне стационарлық көмек көрсетілсе, қалғандарына жедел медициналық көмек көрсетілді, миокард инфарктісі мен жіті коронарлық синдром диагнозымен жүгінген 44 науқас стационарлық жағдайда емделді.

    – Бұл жұмыстың дұрыс жолға қойылуына, көрсетілетін медициналық қызметтің ойдағыдай болуында 18 дәрігердің, 92 медбикенің, 26 медициналық-техникалық қызметкердің қосқан үлесі зор, – дейді Ғафур Абдураимов.

    Бұл тұрғыда Республикалық мамандандырылған медициналық орталықтардың, облыстық емдеу мекемелерінің білікті мамандарымен жасалған ынтымақтастық байланыстары, олардың қатысуымен өткен «Шеберлік» сабақтары өте тиімді болуда. Өткен жылы В. Вохидов атындағы Республикалық мамандандырылған хирургия ғылыми-тәжірибелік орталығының білікті және жетекші мамандарымен бірге 34 жастағы туа біткен жүрек кемшілігі бар науқасқа аудандық деңгейде ашық хирургиялық ота жасалып, пластикалық жолмен кемшілік жойылды. Аталған орталық және Гүлстан медициналық кластердің мамандары жәрдемінде бұл бүйрек трансплантациясымен байланысты тәжірибе «Шеберлік» сабағы негізінде сәтті өтті.

    Жалпы айтқанда, Ақалтын аудандық медициналық бірлестікте, Ауданаралық буын жарақаты және жүрек-қантамыр орталығында кешенді және жоғары технологиялық тәжірибенің жолға қойылуы науқастар мен олардың туыстарына бірқатар қолайлылық туғызып қана қоймай, қашықтықты жақындатуға да септігін тигізуде.

    Ғулам Примов,

    Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates