Сырдарияда Өзбекстанның халық ақыны Тура Сулайманның үй-мұражайы ашылды

    Сырдария облысы, Мирзаабад ауданы, Т.Ахмедов махалласында Өзбекстанның халық ақыны Тура Сулайманның үй-мұражайы ашылды.

    Үй-мұражай махалладағы Т.Сулайман көшесі 7-үйден орын тапты.

    Тура Сулайманның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған үй-мұражайының ашылу салтанатына Туризм комитетінен, Мәдениет министрлігінен, Жазушылар одағынан, Сырдария облыстық әкімшілігінен және қалың жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.

    Үй-мұражайдың кең де көрікті ауласында белгілі мүсінші, Өзбекстанның халық суретшісі Азамат Хотамовтың жасаған, ақын Тура Сулайманның мүсіні орнатылды.

    Тура Сулайманның үй-мұражайында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты 870 экспонаттары, 1000-нан астам әдеби жинағы, 30-дан астам газет-журналдар, 10 дана диск әкелініп, Т.Сулайман кітапханасы құрылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates