Өткен қысқа уақытта министрлік тарапынан құрылған жұмысшы топ бұл  жағдайды жан-жақты үйреніп, бар 26 ​​түрдегі журнал және  33 түрдегі есеп беру формасының бір бөлігі іс жүзінде керексіз деп табылды.

Мәселен, тұрғындар көп өтініш жасаған кезінде қабылдау бөлімі медбикесінің «Амбулаториялық-поликлиникалық мекемелерге келгендерді тіркеу журналын» толтыруға өте көп уақыт жұмсап,  соңында адамдардың  наразылық туғызуына себеп болып жатқан еді. Сонымен қатар, науқастар қабылдау бөлімінде тіркелгеннен кейін, олар дәрігердің қабылдау бөлмесіне кіру үшін қайта тіркелуге жазылу қажет еді.

“Медицина қызметкерлерінің жарақаттану жағдайын тіркеу журналына” көңілсіз жағдайлар болмаса,  айлар немесе тіпті жылдар бойы қажет болмауы мүмкін. Дегенмен, медбике осы құжат түріне күнделікті «Бүгін ешқандай жазатайым оқиға болған жоқ», деп жазып отыруы шарт еді.

Тағы бір мысал: жанұялық емханадағы емдеу медбикесі әр науқасқа «инъекция» салғанда оны бірнеше бланкіге, тіпті арнайы журналға «пәлен дана шприцтер,  пәлен грамм спирт, мақта істетілді» деп жазып отыруға тура келетін.  Бұл басқа науқастардың ұзақ күтуіне себеп болатын.

Осындай келеңсіздіктерге тосқауыл қою мақсатында Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығы қабылданды. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 февралінен бастап көптармақты орталық емханада, отбасылық емханада және отбасылық дәрігерлік пункіттерінде жүргізілетін  26 түрдегі медициналық есеп беру журналының 14-і қалдырылды. Қалған 14-інің 10-ы оңтайландырылды. Медициналық карталар мен бланкілердің 33 түрі 14-ке дейін қысқартылды.

Сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттармен бекітілмеген медициналық есеп беру құжат формасын пайдалануға қатаң тыйым салынды.

Енді дәрігерлер мен медбикелер  негізгі уақытының көп бөлігін қағазбаздық, яғни есеп беру құжаттарын толтыру емес, басты міндеті болған науқастарды емдеуге жұмсайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі.