Көшелерде әртүрлі пішіндегі және тәртіпті-тәртіпсіз жазуларға, жарнамаларға дүкен маңдайшаларына көзіміз түседі. Жарнамалық материалдары орналастырылмаған теледидар, радио, баспа басылымдары, әлеуметтік желілер де жоқ есеп. Қош, жарнама не үшін керек? Неліктен біз бүгінде көптеген тәртіпсіз  орналастырылған жарнамалардың куәгері болып жатырмыз?  Жарияланған жарнамалардың барлығы талапқа жауап береді ме?

Жарнама – тауардың сапасы, оларды сатып алудан түсетін пайда туралы ақпарат; тікелей немесе жанама пайда (табыс) алу мақсатында заңды және жеке тұлғалар немесе өнім туралы таратылатын арнайы ақпарат болып табылады. Іскерлер мен кәсіпкерлер жарнамаға ерекше мән береді. Осы арқылы ол өз өнімі туралы ақпаратты кеңірек аудиторияға жеткізуге және көбірек табыс табуға ұмтылады. Бірақ кейде біз жарнаманың заң ережелері бар екенін ұмытып кетеміз.

Жарнамалар Өзбекстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңымен және 10-ға жуық басқа да нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі. Бүгінгі күні қолданыста болған 30 баптан тұратын Заң 1998 жылы 25 декабрьде қабылданып, оған 16 рет өзгертулер мен қосымшалар енгізілген.

  «Жарнама туралы» Заңда жалпы сипатқа ие болған және істемейтін нормалар бар, олар жарнама қызметімен байланысты қатынастарды толық қамтылмаған еді. Сондай-ақ, жарнама қызметіне қойылатын талаптардың жеткіліксіздігі, мемлекеттік және беймемлекеттік және бейкоммерциялық ұйымдардың жарнама саласындағы өкілеттері нақты белгіленбегені, бірқатар анық емес нормалар құқық қолдану тәжірибесінде көптеген құқықбұзушылықтарды туғызуға себеп болды.

Соңғы жылдары бүкіл әлемдегiдей бiздiң республикамызда да заңмен реттелмейтiн заманауи технологиялар, жаңа және креативті жарнама мен маркетинг әдістері, жарнаманың ақпаратты таратудың және ерекше тәсілдері мен әдістері көбейіп келеді.

Әрине, бұл өте ескірген, тиісті түзетулер енгізудің уақыты келді. Осыған байланысты саладағы қатынастарды реттеу, оның ішінде тұтынушыларды жалған жарнамадан қорғау, жарнама базары қатысушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында Монополияға қарсы күрес комитеті жанындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі тарапынан «Жарнама туралы» Заңның жаңа жобасы жасалды.

Биылғы 7 июньде Өзбекстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңы жаңа редакцияда қабылданды. Онда жарнаманы дайындау, орналастыру және тарату саласында бірқатар талаптар көрсетілген. Заң 8 тараудан, 53 баптан тұрады.

Заң жобасын дайындау барысында 30-ға жуық шет мемлекеттердің заңдары, халықаралық құжаттар, тағы басқа да ғылыми басылымдар талданды. Бұл заңның маңызды тұстарының бірі – онда жарнама тіліне қатысты нормалар қамтылған.

Осы уақытқа дейін біздің қолданыстағы заңда жарнама тіліне қатысты талап болған жоқ. Яғни, жарнама берушінің қалауына қарай кез келген тілде берілуі мүмкін. Енді хабарландыру бастапқыда ресми тілде берілуі тиіс екені бекітілді, ал жарнама берушінің қалауы бойынша оны басқа тілдерде де қайтаруға болады.

Мысалы, жаңа редакциядағы «Жарнама туралы» заңның «Жарнама тілі» туралы 6-бабында Өзбекстан Республикасының аумағында жарнама Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілінде таратылуы, жарнама мазмұнының аудармасы басқа тілдерде қайта берілуі мүмкін екендігі, мұндағы негізгі  мағынасы бұрмаланбауы, басқа тілдердегі аударма мәтіні әрпінің  өлшемі мемлекеттік тілдегі мәтін өлшемінен кішірек болуы, тағы басқа да осындай бірқатар стандарттар белгіленді.

Сонымен қатар, қабылданған заңның жаңа редакциясында құқықтық нормаларды қолдануда түсініксіздіктерге әкелген кейбір ұғымдар нақтыланып, жаңа ұғымдармен толықтырылды. Тағы бір маңызды жайт, заңдылық пен құқық қолдану тәжірибесіне, сондай-ақ шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, жарнамаға қойылатын талаптар күшейтіліп, жаңа нормалар енгізілді.

Атап айтқанда, мектеп оқулықтары мен дәптерлеріне жарнамаларды орналастыру, жарнамаларға шетел валютасындағы бағаларды көрсету, ақылақ және руханияттың жалпыға танылған  нормаларына қайшы келетін форма, сөз тіркестерін және  образдарды пайдалану, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) негізгі сипаттамалары туралы ақпаратты тұтынушыдан жасыру, ақпарат өнімнің жасына қатысты  көрсетусіз жарнамалауға тыйым салынады.

Бүгіннен бастап тұтынушылар асыға күткен тағы бір маңызды тәртіп заң күшіне ие болды. Яғни, тұтынушылардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қатысты өнімдерді (дәрілік заттар, биологиялық белсенді тағамдық қоспалар, энергетикалық сусындар, халық медицинасы өнімдері, темекі, сигарет, алкоголь өнімдері, пиротехникалық бұйымдар, қару-жарақ) жарнамасына қойылатын талаптар жетілдірілді.

Бұл сипаттардың қатарында азық-түлік өнімдерінің адам денсаулығына зияны жоқ және пайдалы екенін айтуға тыйым салу, бағалы қағаздарды жарнамалауды реттеу, қаржылық және тұрғындардың ақшалай қаржыларды жұмылдыруға байланысты қызметтерді жарнамалаудың реттелгені, кәмелетке толмағандарды жарнамадан, әсіресе оның кері әсерінен қорғау, кәмелетке толмағандардың жарнамаға қатысуын шектеуші жаңа нормаларды енгізуде көрініс табады.

 

Енді кәмелетке толмағандарды қауіпті жағдайларда көрсету, жарнамаланатын өнімге ие болмауы құрдастары мен жұртшылық арасында кемсітушілікке әкеп соғады деген түсінік қалыптастыратын, күнделікті тамақтанудың санын көбейтуге немесе негізгі тағамдарды жеңіл тағамдарға, кондитерлік өнімдерге және т.б. ауыстыруға шақыратын жарнамаларға жол берілмейді.

Осыған байланысты кейбір жағдайларда тыйым салынған өнімдерді (темекі, алкоголь, есірткі, наркотик, порнография, қару-жарақ) өнімдерді жарнамалағаны, жалған жарнама жасағаны, дәрі, энергетикалық сусындардың жарнамасына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін заңды тұлғаларға қаржылық санкциялар қолданылу белгіленді.

Әрине, әрбір жарнама  қандай бағытта болуына қарамастан «Жарнама туралы» Заң талаптарына сай болуы керек. Жарнама адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі керек.

Базар экономика жағдайында жарнама қызметінің маңызы артып, айналым қаражатында (еңбек өнімдерін алды-берді ретінде айырбастау) жарнамалық шығындардың үлесі артып келеді. Осы тұста біз таралатын жарнаманың «Жарнама туралы» заң мен нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарына сай болуы кәсіпкерге де, тұтынушыға да тиімді екенін айтылуда.

Гузал Қодирова.
Монополияға қарсы комитет төрағасының кеңесшісі.