Іс-шара барысында балалар еңбегін жою, олардың құқықтарын қамтамасыз ету, лайықты еңбек қағидаттарын кеңінен енгізу және осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Халықаралық еңбек конференциясына қатысқан 187 мемлекет арасында Өзбекстан делегациясы еңбек, әлеуметтік қорғау және білім беру салаларында жүзеге асырылған реформалардың нәтижелерін ұсынды. Елде балалар еңбегінің іс жүзінде толық жойылғаны, бұл нәтиже мемлекеттік саясаттың, күшті әлеуметтік қорғау жүйесінің және халықаралық ынтымақтастықтың жемісі ретінде халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының төрайымы, Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Танзила Нарбаева өз сөзінде балалар еңбегін жою тек құқықтық тыйымдар арқылы ғана емес, оны тудыратын негізгі себептерді – кедейлік, әлеуметтік қорғауға мұқтаждықты жою, сондай-ақ сапалы білім мен лайықты еңбек мүмкіндіктерін кеңейту арқылы мүмкін екенін атап өтті.
Аталғандай, ел басшылығының саяси іс әрекеттері, жүйелі реформалар және тиімді халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде Өзбекстанда балалар еңбегі іс жүзінде жойылған және оның қайта пайда болуының алдын алатын тұрақты механизмдер қалыптастырылған.
Сонымен қатар, бұл нәтижелерге қол жеткізуде Халықаралық еңбек ұйымымен, жұмыс берушілер және кәсіподақ ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық маңызды рөл атқарғаны, ХЕҰ ұсыныстары дәйекті түрде жүзеге асырылғаны атап өтілді.
Шара қатысушылары бүгінгі таңда қақтығыстар, көші-қон үдерістері, климаттың өзгеруі және бейресми жұмыспен қамту сияқты факторлар балалар еңбегінің қаупін арттырып отырғанына назар аударды.
Осыған байланысты олар Марокко жаһандық іс-әркеттер бағдарламасының маңыздылығын ерекше атап өтіп, балалар еңбегін жою жолындағы нақты шараларды күшейту қажеттігін айтты.