Осы жерде жасайтын ауыл тұрғыны Пердегүл Бердімұратованың туу туралы куәлігі мен төлқұжаты болмаған.

Қарақалпақстан Республикасы мемлекеттік қызмет көрсету агенттігінің бастығы М.Абдижалиев пен Мойнақ ауданының  АХАТ бөлімінің қызметкерлерінің аймаққа сапары кезінде, азамат П.Бердимуратоваға, оның екі баласына туу  туралы куәліктерді алды.

          Өзіне төлқұжат, жеке басын куәландыратын құжат алуға іс жүзіндік көмек беріліп, ал оның ата -анасы Жалғас Бердімұратов пен Зульфия Аймуратова заңды некеден өтті.

Нәтижесінде, бір күнде бұл отбасы мүшелері 5 ресми құжатты алды.

- Жасым 30 -дан асты. Құжаттарсыз балаларды қалай балабақшаға немесе мектепке қоюға болатынын ойлап, қайғырып қалдым. Сентябрь айында аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі біздің махалланың тұрғындары үшін жылжымалы мемлекеттік қызмет шарасын өткізетінін естідім. Көп ұзамай менің өтінішім шешілді, деді П.Бердімұратова.

Кейін Қарақалпақстан Республикасы мемлекеттік қызмет бөлімі және Мойнақ ауданының АХАТ бөлімдерімен бірге  тағы 3 үй иелеріне заңды неке куәлігі және туу туралы куәліктер тапсырылды.

Мұндай мүмкіндіктерге қуанған ата-аналар қуаныштарын жасыра алмай, Мемлекеттік қызмет агенттігіне шексіз ризашылықтарын білдірді.

Мемлекеттік қызмет агенттігінің Қарақалпақстан Республикасы Басқармасы