Өзбекстан мен Словения арасында парламентаралық байланыс жандана түседі

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Словения Республикасына ресми сапары аясында Словения Ұлттық Ассамблеясының Төрайымы Уршка Клакочар-Зупанчичпен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстан мен Словения арасындағы көпқырлы қатынастарды, соның ішінде екі ел парламенттері деңгейінде одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

    Кейінгі жылдары парламентаралық байланыстардың жанданғаны қуанышпен атап өтілді. Атап айтқанда, Биыл сәуір айында Ташкент қаласында өткен Парламентаралық одақтың 150 жылдық мерейтойлық Ассамблеясына Словения Ұлттық Ассамблеясының комиссия төрағасы Предраг Бакович қатысқан. Екі елдің парламенттерінде «достық топтары» құрылғаны да айтылды.

    Салалық комитеттер деңгейінде парламентаралық ынтымақтастықты дамыту бірлескен жобаларды қолдап, жеделдету үшін маңызды екені атап өтілді.

    Сондай-ақ гуманитарлық ынтымақтастықты қолдау – атап айтқанда, мәдениет пен кино күндерін, көрмелер өткізу, жоғары оқу орындары арасында академиялық алмасуларды дамыту бағыттарында парламенттердің көмегі қажет екені айтылды.

    Халықаралық парламент ұйымдары аясында ұсыныстарды үйлестіру және өзара қолдау да нығайтылмақ.

    Алғашқы Өзбекстан–Словения парламентаралық форумын депутаттар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен Самарқанд қаласында өткізу ұсынылды.

    Кездесу соңында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен «жол картасын» қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


    No date selected
    July 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates