Шавкат Мирзияев Президенттікке келген алғашқы күннен бастап Ислам Каримовтің игі істері жалғасын табатынын айтып, оның есімін мәңгілік жөнінде шешімдер қабылдады және кесенесі тұрғызылды. Содан беріге 30 қаңтарда Тұңғыш Президенттің туған күнін атап өту дәстүрге айналған.

Бүгінгі Тұңғыш Президентті еске алу шарасы аясында Ислам Каримовтың халық үшін жасаған игі істері еске алынып, марқұмның рұхына аталып Құран оқылды.

Атаулы шараға Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенаты мен Заң шығару палатасы, Президент Әкімшілігі, Министрлер Кабинеті, министрліктер мен ведомство өкілдері және астаналық жұртшылық қатысты.

Бүгінгі еске алу шарасы аясында Ислам Каримовтің Самарқанд пен Қаршыдағы ескерткіштеріне де гүл шоқтары қойылды.