Өзбекстан басшысы Әмірліктердің астанасы Абу-Даби қаласында БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен тиімді келіссөздер жүргізіп, осы елдің жетекші мемлекеттік ұйымдары, компаниялары және банктерінің басшыларымен кездесулер өткізді.
Келіссөздер нәтижесінде екіжақты құжаттар топтамасы, оның ішінде Стратегиялық серіктестік орнату туралы декларация қабылданды.
Мемлекет басшысы «Абу-Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммитінің ашылуы мен тұрақты даму саласындағы Шейх Заид атындағы сыйлықты табыстау рәсіміне қатысты және саммиттің жалпы отырысында бірқатар маңызды бастамалар ұсынды.
Бүгін Дубай қаласында Біріккен Араб Әмірліктері Вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен келіссөздер өтті.
Сапар соңында Дубай халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі қонақты Дубай азаматтық авиациясы басқармасының президенті, «Emirates» компаниялар тобының төрағасы әрі бас директоры Шейх Ахмад бен Саид Әл Мактум мен БАӘ үкімет істері жөніндегі министрі Мұхаммед бен Абдулла әл-Ғаргави шығарып салды.
Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.