Бизнесті қолдап-қуаттауға 300 миллион доллар

    Бизнес 6 May 2022 1893

    Ауылдық жерлерде бизнес және инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын ашу ынталандырылады.

    19 апрельде Өзбекстан Республикасы Президентінің шағын және орта бизнесті дамыту үшін қосымша ынталандыру болып қызмет ететін «Аймақтарда кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыру механизмдерін одан әрі кеңейту іс-шаралары туралы» қаулысы қабылданды.

    Әңгіме аумақтарда жүзеге асырылған кәсіпкерлік жобаларды ауқымды қаржылық қолдап-қуаттау, іскерлер бастамаларының дер кезінде жүзеге асуын қамтамасыз ету туралы болып отыр.

    Құжатқа орай, еліміздің коммерциялық банктеріне Тіктелу және даму қоры қаржылары есебінен шағын бизнес субъектілері қызметін қаржыландыру үшін 300 миллион доллар эквивалентінде несие желісі бөлінеді.

    Жобада белгіленген өлшемдерге сәйкес келетін кез келген кәсіпкер несие ала алады, бірақ жеңілдетілген несиенің көлемі субъектінің жұмыс істеп келген мерзіміне байланысты болады.

    Соның ішінде,

    6 айға дейін қызмет көрсеткен кәсіпкерлер - 1 миллиард сумға дейін;

    6-12 ай – 2 миллиард сумға дейін;

    1-2 жыл - 3 миллиард сумға дейін;

    2-3 жыл – 4 миллиард сумға дейін;

    3 жылдан көбірек - 5 миллиард сумға дейін.

    Жеңілдетілген несиелер өндіріс пен қызмет көрсету салаларындағы барлық жобалар үшін бөлінген, бірақ жоғарыда атап өткендей, кейбір өлшемдер де бар. Атап айтқанда, бұл бастама аясында құрылыс, сауда, делдалдық салаларындағы жобаларға, сондай-ақ акцизделетін тауарларды өндірушілерге, мемлекеттік кәсіпорындар мен жарғылық қорында (жарғы капиталында) мемлекеттің үлесі бар болған заңды тұлғаларға сондай-ақ айналым қаражыны толықтыру үшін берілмейді.

    Өлшемдерге сәйкес келетін субъектілер болса жылдық 14 пайызда, 5 жыл мерзімге ( сонымен қатар 2 жыл жеңілдік кезеңмен) несие ала алады.

    Енгізілген несиелеу механизмінің маңызды жағын айту қажет — несие қаржыларының кем дегенде 70 пайызы Нөкіс қаласынан, облыстың әкімшілік орталықтарынан және облысқа мойынсұнған қалалардан тысқары аумақтарда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге бөлінеді. Осылайша ауылдағы кәсіпкерлік пен инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын ашу ынталандырылады.

    Қабылданған құжат аясында бөлінген несие желісін тиімді пайдалануды үйлестіруге жауапты Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі құжатта көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында бірқатар тапсырмаларды орындауда.

    Атап айтқанда, аумақтар кесімінде және коммерциялық банктердің қажеттіліктерінен несие желісі ресурстарын бөлуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, жоба фабрикалары мен топтар тарапынан коммерциялық банктермен бірлесіп жобалық және жобаалды құжаттарды сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылуда. Сонымен қатар, үдерістің барлық қатысушылары несие желісі қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануына жүйелі мониторинг жүргізу механизімі енгізілуде.

    Түрлі кідірістердің алдын алу мақсатында құжат пен тиісті өтініштер түскеннен кейін үш күн ішінде сұралған ресурстар банктерде орналастырылатыны белгілеп қойылған, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мемлекет басшысының осы Қаулысы негізінде қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде республиканың негізінен ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындары ашылады, инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу жандандырылады, жаңа заманалық өндіріс орындары іске қосылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates