Диалог кезіндеа өзекті мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықта жүзеге асырылған істердің нәтижелері туралы пікір алмасылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Өзбекстанның ең маңызды халықаралық серіктестерінің бірі екені белгілі. Бұл беделді ұйым еліміз егемендік алғалы бері қолдау көрсетіп, бізбен сан салада ынтымақтастық жасап келеді.
Өзбекстан БҰҰ-ның бірқатар құрамдық құрылымдарымен, атап айтқанда Даму бағдарламасымен тұрақты ынтымақтастықта көптеген жобаларды сәтті жүзеге асырды және бұл үдеріс үздіксіз жалғасуда. Әсіресе, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасауда үкіметті қолдап-қуаттау бойынша қызметін атқарып жатқаны халқымыздың игілігіне қызмет етуде.
Сенат төрайымы Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы байланысты одан әрі нығайып, аймақтық деңгейде ынтымақтастық кеңейіп, көптеген консептуалды жобалар жүзеге асырылғаны, маңызды қаулылар қабылданғанын ерекше атап өтті. Атап айтқанда, М.Димовсканың Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесіне тоқталып, оның тікелей қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде бірқатар ірі іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылып, экология, ауыл шаруашылығын дамыту, БРМ-ға қол жеткізу, гендер теңдік пен инклюзив саясаты сияқты бірқатар салаларда айтарықтай жеттістікке қол жеткізілді.
Өз кезегінде, Матильда Димовска Өзбекстанның күннен-күнге дамып келе жатқанын, кейбір елдерде экономикалық тоқырау болып жатқан бір кезде, Өзбекстанда өсу байқалғаны, адамдардың кемелденуі (дамуы) индексі рейтингінде жоғары деңгейге көтерілгеніне тоқталып өтті. М. Димовска БҰҰ Даму бағдарламасы мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық бұдан кейін де дәйекті түрде жалғасатынын, біріккен жобалардың ауқымы кеңейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.