Бобур Бекмуродов Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі, баронесса Алисон Саттимен кездесті

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Бобур Бекмуродов Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі, баронесса Алисон Сатти және “Global Partners Governance” (GPG) бағдарламасының басшысы Зафран Икболмен кездесті.

    Мақсаты – «Юксалиш» ЖҰҚ қызметімен танысу, парламентаралық байланыстарды дамыту бойынша тәжірибе алмасу және жобалық ынтымақтастықтың болашақты бағыттарын талқылады.

    Қозғалыс төрағасы Бобур Бекмуродов қонақтарды ұйымның негізгі қызметінің бағыттарымен, мақсат және міндеттерімен таныстырып, қозғалыстың саясатты әзірлеудегі және қаулы қабылдаудағы рөлі туралы айтты.

    Жоба менеджері Шамшод Юнусов адам құқықтары, ауыл инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмен буындары, жастарды қолдап-қуаттау және т.б. саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру жұмыстары туралы айтты.

    Кездесу барысында тараптар Өзбекстандағы жастар парламенті жүйесін жетілдіру арқылы парламентаралық байланыстарды дамыту қажеттігін атап өтті.

    Алисон Сатти Өзбекстанда жастарды қолдап-қуаттауға және олардың әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлетінін тілге тиек етті. Оның айтуынша, жастар парламенттерін дамыту өз кезегінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтеді, олардың арасында саяси белсенділік ынтасын күшейтеді. Бұдан тыс, нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуде жастардың пікірін ескеріп, қабылданған заңдардың өзектілігін арттырып, олар туралы жастарды ақпараттандыруға үлкен мүмкіндік бар.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.