Балабақшаға жолдамалар жылжымалы тәртіпте тапсырылады

    Сырдария ауданының «Қуёш» маҳалла азаматтар жиыны аудан орталығынан 15 километр қашықтықта орналасқан, аудан Мемелектік қызмет орталығының қызеткерлері бұл маҳаллаға жылжымалы қызметтер көрсету мақсатында жиі-жиі келіп тұрады.

    Бұл реттегі жылжымалы қызмет көрсетуде маҳаллада орналасқан 18-санды мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие ұйымында ұйымдастырылды. Перзенттерін осы балабақшаға орналастыру бойынша өтініш білдірген және кезегі келген ата-аналарға балабақшаға жолдамалар жылжымалы тәртіпте тапсырылды.

    «Қуёш» маҳалласында жасайтын Висола Зиятованың перзенті де енді балабақшаға баратын болды.

    — Мен 2017 жылы туылған перзентім Ширин Бахтиярованы мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие ұйымына орналастыру үшін кезекке қою бойынша Сырдария аудандық Мемлекеттік қызметтер орталығына өтініш білдіргенмін, — дейді Висола Зиятова. – Мемлекеттік қызмет орталығы қызметкерлері жылжымалы тәртіпте, балаларға жолдамаларды қалыптастырып берді. Аудан орталығына баруға қажеті жоқ. Ұзағымызды жақын еткен МҚО қызметкерлеріне ризамын.

    Жылжымалы қызмет шаралары барысында Висола сияқты орталыққа барып өтініш берген 38 бала үшін берілген жолдамалар ата-аналарға тапсырылды.

    Жылжымалы қызметтер барсында балаларды балабақшаға орналастыруға жолдамалар берумен қатар электронды мемлекеттік қызметтен пайдалану тәртібі бойынша мастер класс өткізілді. Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтері порталын (ЯИДХП) пайдалану дағдыларын арттырумен бірге мемлекеттік қызметтерді онлайн түрінде яғни my.gov.uz сайты арқылы еркін алу, id.egov.uz сайтынан тіркеуден өту және жүйеден пайдалану шеберлік сабақтары өткізілді, деп хабарлады ДХА Сырдария облыстық басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates