Олимпиада және Азия ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем және үш дүркін Азия чемпионы Бахадыр Жалолов – Өзбекстан спортының ту ұстары. Соңғы жылдары кәсіпқой боксқа сәтті қатысып жүр.

Өзбекстанда осындай чемпиондардың қызметін насихаттауға, олардың үлгісінде жас спортшыларды тәрбиелеуге ерекше мән берілуде. Мемлекет басшысының 2022 жыл 14 наурыздағы шешіміне сәйкес осындай тағы бір нысан – Бахадыр Жалолов атындағы бокстан спорт шеберлігі мектебі ашылды.

Мұнда халықаралық деңгейдегі боксшыларды даярлау, осы мақсатқа жоғары білікті жаттықтырушылар мен мамандарды тарту, халықаралық стандарт деңгейінде оқу-жаттығулар ұйымдастыру және озық тәжірибе негізінде оның сапасын арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл үшін заманауи төрт қабатты ғимаратта барлық жағдай жасалған. Бірінші қабатта негізгі спорт залы, бассейн, медициналық кабинет және ас үй бар. Екінші қабатта психология, шет тілі, теориялық жаттығулар, информатика және мұғалім бөлмелері, сонымен қатар 45 орындық қонақ үй бар. Үшінші және төртінші қабаттарда 235 орындық жатақхана мен ағартушылық бөлмелер бар. Ғимараттың жертөлесінде көлік тұрағы құрылған.

Бокс мектебі 175 орынға арналған және жыл сайын 5-11 сыныптарға 25 оқушы іріктеліп алынады. Алғашқы түлектер 2022 оқу жылында қабылданса, бүгінде 50 оқушы дәріс алуда. Олар республиканың түкпір-түкпірінен келген үміткерлер арасынан іріктеліп алынған.

Бұл мекен «Юнусабад» ауданындағы 259-шы жалпы білім беретін мектептің қасында орналасқан. Жас боксшылар жалпы білімді осы жерде оқиды.

2023 жылы Бахадыр Жалолов атындағы спорт шеберлігі мектебінің оқушылары халықаралық және республикалық жарыстарда 26 алтын, 18 күміс, 15 қола медаль жеңіп алды. Биыл да бірқатар турнирлерге қатысу жоспарланған.

Бұл мектеп бүкіл Өзбекстан жас боксшыларын дайындайтын база болмақ. Ол басқа спорт мектептері және жас болашағы бар боксшыларды іріктеу және дайындау бойынша орталықтармен ынтымақтасады.

Сондықтан мектеп қабырғасында жас спортшылар, сала басшыларымен сұхбат болды. Өңірлер де бейнебайланыс арқылы диалогқа қосылды.

– Біз биылғы жылды «Жастар және кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияладық. Бұл мәселеге үнемі көңіл бөліп, жастарға қажетті жағдай жасап келеміз. Олардың әлеуеті мен ұмтылысы күшті. Біз бокстан әлем бойынша көшбасшылар қатарындамыз. Осы әлеуетті, талантты жастарымызды дамыту мақсатында бұл мектепті аштық. Енді Бахадыр Жалолов мектебі де Президент мектебі сияқты өз бағыты бойынша үлгілі жүйе болмақ. Бокс методологиясы, диетологиясы, медицинасы, психологиясы облыстық спорт мектептерінде де дамытылады, – деді Шавкат Мирзиёев.

Облыс әкімдеріне спорт федерацияларымен ынтымақтастықты жақсартып, олардың өңірлердегі жұмыстарына қолдау көрсету тапсырылды. Жастар арасында спортты одан әрі кеңінен насихаттау, әсіресе, оларды боксқа баулу, ол үшін мектептер мен үйірмелердегі жағдайды кеңейту қажет екендігі айтылды.