Бокс бойынша әлем чемпионатының салтанатты ашылуы өтті

    Спорт 1 May 2023 2089

    Бүгін, 1 майдан әлемнің ең күшті боксшылары Ташкентте әлем чемпиондығы үшін күш сынасады.

    Кеше «Хумо Аренада» еліміз алғаш рет қонақкәделік жасап жатқан әлем біріншілігінің салтанаты ашылу рәсімі өтті. Оған Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Халықаралық бокс ассоциациясының президенті Умар Кремлев, Өзбекстан Республикасының Жастар саясаты және спорт министрі Адхам Икрамов, Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Ойбек Касимов, ҰОК төрағасының орынбасары, еліміздің бокс федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Полатов қатысты.

    Салтанатты шараның ресми бөлімінде Абдулла Арипов сөз сөйлеп, жарыс қонақтарын құттықтады және елімізде құрметті Президентіміз тарапынан жүргізіп жатқан реформаларға тоқталды. Содан соң Умар Кремлев әлем чемпионатының өтуімен бокс жанұясына құттықтау жолдады және жарысты ресми түрде ашық деп жариялады.

    Шара барысында боксшылар атынан Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалолов жарыста адал да ашық жарыс өткізуге ант берді. Содан соң салтанатты шара мерекелік әндерге ұласты, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.