Сондай-ақ,
Қылмыстық кодекске кәмелетке толмаған куәгердің заңды өкілі ұғымы енгізілді.
Егер куәгер
кәмелетке толмаған тұлға болса, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін іске
куәгердің заңды өкілі қатысуға тартылады.
Істе заңды
өкіл ретінде ата-ана, бала асырап алушы тұлғалар, қамқоршылар, демеушілер, сондай-ақ қамқоршылық және демеуші органдарының өкілдері қатыса алады.
Заңды
өкілдің іске қатысуына рұқсат берілгені туралы тергеуші, прокурор қаулы
шығарады, ал сот ұйғарым қабылдайды.
Бұдан тыс, кәмелетке толмаған тұлғаның сипатталғаны немесе бейнеленгені
айыптыға белгілі болған порнографиялық өнімді тарату мақсатында сақтағаны үшін
әкімшілік жауапкершілік белгіленді.
Аталған Заң
ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.