Ташкент
облысында бүгін кешке және 29 қыркүйекке қараған түні кей жерлерде қысқа
мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Күндіз ауа температурасы 25–28 градус, түнде 10–13 градус
шамасында болады.
30 қыркүйек пен 1 қазан күндері республика аумағының кей
жерлерінде, Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысынан басқа аймақтарда,
жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. 2 қазанда жауын-шашын күтілмейді.
Осы күндері түнгі ауа температурасы 8–13 градус, күндіз
21–24 градус, кей жерлерде 26 градусқа дейін болады.
Республиканың тау бөктері мен таулы аймақтарында апта бойы уақыт-уақытымен жаңбыр жауады. 30
қыркүйек–1 қазан күндері кей жерлерде нөсер жаңбыр болуы мүмкін. Биік таулы
аймақтарда жауын-шашынның қарға айналу ықтималдығы бар.
Жел бағытын өзгертіп, батыстан секундына 7–12 метр
жылдамдықпен соғады. 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері шөлді аймақтар мен
оңтүстіктің кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 14 метрге дейін күшеюі
мүмкін.
Ташкентте бүгін кешке және 29 қыркүйекке қараған түні кей жерлерде
қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Түнде ауа температурасы
10–13 градус, күндіз 25–28 градус болады.
30 қыркүйек пен 1 қазанда елордада уақыт-уақытымен жаңбыр жауып, найзағай
болуы мүмкін. 2 қазанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы 10–13
градус, күндіз 21–24 градус шамасында болады.
Ташкентте жел шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен
соғады.