Қазіргі заманалық рентген және гормондық  тексерулер арқылы бой өсуде нақтама анық болған соң гормондық терапия емі жасалады.

Емшара екі әдіспен жүзеге асырылады: үздіксіз және мерзімді көріністе болады. Емдеу кезінде бала  өз уақтында тексеруден өткізіліп, өсу  шеңберлерінің тоқтап қалмауын бақылайды.

Сондай-ақ гормоналды препараттарды өз  уақытында белгіленген тәртіпте қабылдау да негізгі шарттардың бірі саналады. Егер біліп- білмей бой өсіруші гормондар қолданылса, кері салдары байқалуы мүмкін.

Сондықтан да қажетті емді маманмен кеңесіп алу керек. Екі-үш айда тоқтатылса, ешқандай пайдасы болмайды. Бұл үдерісті ерте бастаған дұрыс. Балағат жасына жеткен соң бой өсіру терапиясының тиімсіздігі медицинада кеңінен байқалған.

– Ата-аналарға айтар кеңесіміз – балаңыздың  бойы биік болуы  үшін спорт жаттығуларына  мән беріңіз, – дейді медицина ғылымдарының кандидаты Насиба Алимова. - Секіруге, турникке тартылуға, волейболға, баскетболға қатысыңыз. Бала физиологиялық белсенділікпен айналысса, ол аштық сезінеді. Бұл өсу гормонын көбірек өндіруге мүмкіндік береді.

Ас мәзірі белокқа, сүт-қатық, жұмыртқа, ет, жасыл және бұршақ дақылдары өнімдеріне  бай болса, бойдағы проблемалар көп алаңдатпайды. Кез келген аурудың алдын алудың бірінші талабы салауатты өмір салтын ұстану екенін ұмытпаған жөн, деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.