Шара аясында халықтың әлеуметтік қорғауға мұқтаж топтары арасынан бірнеше кезеңде кішкентай науқастар іріктеліп алынды. Алдымен Балалар ұлттық медицина орталығының мамандары тарапынан 2000-нан астам ұл-қыз тексеруден өткізіліп, олардың ішінен 270-тен астамы таңдап алынды.
Осы балалардың әрқайсысына 40 жылдық тәжірибесі бар, әлемге танымал пластикалық хирург Хасан Баев тарапынан медициналық тексерулер жүргізілді.
Нәтижесінде олардың арасынан хирургиялық операция қажет ететін кішкентай науқастар іріктеліп, Балалар ұлттық медицина орталығының Арал өңірі балалар аурулары бойынша медицина клиникасына жатқызылды.
Қайырымдылық акциясы аясында жалпы саны 70-тен астам науқасқа хирургиялық операциялар жасалады.
Ең маңыздысы, акция барысында туа біткен таңдай және ерін жырығы бар балаларға жасалатын операциялардан бөлек, бірқатар ерекше оталар да жүргізілуде. Атап айтқанда, құлақ қалқаны жоқ балаларға бұл мүше қайта қалпына келтірілді.
.
Минажатдин ҚУТЛЫМУРАТОВ,
«Янги Ўзбекистон» тілшісі.