Бас айналу ауру емес пе?

    Денсаулық 15 May 2023 4261

    Көп жағдайда орнымыздан тұрғанда, отырғанда, жүргенде немесе қандай да бір жұмыс жасағанда өз-өзінен басымыз айналып, тепе-теңдікті жоғалтатынымызды білеміз.

    Қош, бұл ненің белгісі болуы мүмкін? Бұл сұраққа Гүлстан қалалық медициналық бірлестігінің орталық ауруханасы неврология бөлімінің меңгерушісі, невропатолог Ахрор Юлжураев былай деп жауап берді:

    —Бас айналу шаршау және жайсызданудың кенеттен пайда болатын симптомы, мұнда адамға өзін қоршаған ортасы айналып тұрғандай сезінеді, - дейді Ахрор Юлжураев. — Бұл өте жағымсыз сезім болып, кейде ол есінен тануға әкеледі. Дегенмен, бұл симптомның өзі өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың белгісі болуы өте сирек кездесетін жағдай.

    Бас айналу негізінде кейбір аурулардың симптомы ретінде байқалады (инсульттан бастап, қатерлі ісікке дейін).

    Мысалы, бастың жиі-жиі және ұзақ айналуы құлақтың неғұрлым ауыр ауруларында (вестибулярлық жүйкенің вирустық инфекциялары, лабиринтитте) кездеседі. Мұндай бас айналуды елемеуге болмайды. Өйткені бұл жағдайда ауру белгілерсіз басталады және инфекцияның миға өту қаупі жоғары болады.

    Бас айналудың бір шабуылы ешқашан екі аптадан артық уақыт барысында болмайды - осы кезеңде дене жағымсыз сезімге бейімделуге қалыптаса алады.

    Сондай-ақ кенеттен әлсіздік, көру немесе естудің және сөйлеудің бұзылуымен бірге жүретін бас айналу да бар. Бұл жағдай инсультты көрсетеді. Егер науқастың сөйлеуі өзгерсе, бет симметриясы бұзылса, дереу дәрігерге қаралу керек. Өйткені уақытында тиісті және дұрыс көмек көрсетілмесе, инсульт, өлім және түрлі формада асқынулар байқалуы мүмкін.

    Отырған жерден тұрғанда қысқа уақытты ортостатикалық бас айналуы жиі кездесетін жағдай. Бұл көбінесе ағзадағы сұйықтықтың жетіспеушілігімен байланысты. Сондықтан ыстық күндері сұйықтықты көбірек ішу керек. Егер сізде сусыздану жоқ болып, ортостатикалық бас айналуыңыз болса, сізде жүрек соғуының бұзылуы немесе жүрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін.

    Егер бұл жағдай жиі-жиі қайталанса және ұзақ уақытқа созылса, бас айналуымен бірге күшті бас аурулары, жүрудің қиындауы және құлау, жүрек айнуы мен құсу, естен тану, тыныс алудың қиындауы, мойын бұлшықеттерінің құрысулармен бірге жүретін қатты бас аурулары байқалса, білікті маманға хабарласыңыз, қосымша тексерулерден өту қажет болады.

    Маманмен сұхбатты Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жүргізді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates