Бас прокурордың 2021 жылғы қызметі туралы есебі тыңдалды

    Қауіпсіздік 29 Aprel 2022 2169

    Сенаттың 29 апрельде өткен жалпы жиналысында Бас прокурордың 2021 жылғы қызметі туралы есебі тыңдалды.

    Есеп беруде прокуратура органдарымен 2021 жылы елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқық-тәртіпті нығайту барысында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ақпарат берілді.

    Әлеуметтік саладағы кезек күттірмейтін міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларды қолдау және оларды кедейшіліктен шығару мәселелеріне баса назар аударылып отырғаны айтылды.

    Соның ішінде 4187 азаматқа 7 миллиард сум көлемінде жалақы, зейнетақы, жәрдемақы өндіріліп берілген, 29 миллиард сум талан-тараж болғаны анықталып, тиісті шаралар қолданылды.

    Ел дамуының жаңа кезеңінде аса маңызды инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алулардағы заңдылықты нығайтудың басым бағыты болып табылып,қарастырылған шаралар нәтижесінде «Абат ауыл», «Абат маҳалла», тағы басқа да бағдарламаларға кірген жобалар үшін жоспарланған қаржыдан 1,5 триллион сумы үнемделуіне қол жеткізілген.

    Өз кезегінде сенаторлар прокуратураның атқарған оңды жұмыстарымен қатар кейбір салаларда бақылауды одан әрі күшейту қажеттігін айтты.

    Атап айтқанда, қылмысты жасырудың 6 462 фактісі анықталып, оның барлығы тіркеліп, қылмысты қасақана жасырған лауазымды тұлғаларға қатысты 44 қылмыстық іс қозғалды.

    Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты келіп түскен 3028 арыз-шағым мен хабарламаларды тергеу басталғанға дейін тексеру әрекеттері өткізілген. Тергеу қорытындысы бойынша барлығы 161 қылмыстық іс қозғалып, кінәлілерге шара қолдану қамтамасыз етілген.

    Сонымен бірге, еліміздегі заңбұзушылық фактілерін терең талдау негізінде тиісті министрліктерге, кеңселерге және ұйымдарға осы қылмыстардың жасалуына ықпал етіп жатқан факторлар бойынша қорытындылар мен ұсыныстар беру қажеттігі айтылды.

    Сенаторлар 2021 жылы аяқталуы тиіс болған «Абат ауыл» және «Абат махалла» бағдарламаларына енгізілген 1728 нысанның 453-і 2022 жылға көшірілгені бойынша түсінік беруді сұрады.

    Сенат мүшелері жиналыста қаралған бағыттар бойынша бақылауды одан әрі күшейту, анықталған әрбір заңбұзушылыққа қатаң әрі пәрменді шаралар қолдану туралы ұсыныстарын білдірді.

    Осы мәселе бойынша Сенаттың тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates