Азаматты ит тістеп қайтыс болғаннан кейін Баяуыттағы эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынды

    Әлеуметтік желілерде ит тістегенінің салдарынан қайтыс болған азамат туралы хабар тарады. «Санэпидкомитеттің» ақпараттық қызметі жағдай туралы ресми ақпарат берді.

    Анықталғандай, Сырдария облысы жұқпалы аурулар ауруханасына 2023 жылғы 18 июль күні сағат 19:20-де құтыру ауруына күмәнданған, 64 жастағы азамат – А.С. (ер адам) жатқызылған. Азаматты 2023 жылдың февраль айында өзінің 3 жасар, қара иті сол жақ балтырын тістеп алған.

    Алайда, июль айына дейін науқас емдеу мекемесіне хабарласпаған. Сырдария облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында көрсетілген медициналық көмекке қарамастан 19 июль күні сағат 21:35-те қайтыс болды. Науқастан үлгі алу үшін патологиялық анатомиялық зерттеуге жіберілді.

    Марқұмды жарақаттаған иттің басқа азаматтарды жарақаттағанын анықтау және аурудың алдын алу мақсатында марқұмның тұратын мекенжайы бойынша ШТАБ ұйымдастырылды.

    Медицина қызметкерлерінен құралған 10 топ құрылып, 32 медицина қызметкері үй-үйді аралау жұмыстарына тартылды.

    Санепид комитетінің Баяуыт аудандық бөлімінің 10 қызметкері эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын жүргізуде.

    Мамандар үй-үйді аралап, халықтың медициналық-санитарлық мәдениетін арттыру мақсатында қауіпті және өте қауіпті жұқпалы аурулар тақырыптарында санитарлық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде.

    Сырдария облыстық ветеринария және мал шаруашылығын дамыту басқармасының жауаптылары және аудандық мамандар тарапынан махалладағы барлық үйлердегі иттерді, мысықтарды құтыру ауруына қарсы егу жұмыстарын жүргізуде.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates