Баяуытта үш егіз – бір ұл мен екі қыз дүниеге келді

    Сырдария облысы, Баяуыт ауданы, Анорзор махалласының тұрғыны Шухрат Тошпулатовтың отбасында үш егіз сәби дүниеге келді. Егіздер 5 январьда Сырдария облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген.

    Қазіргі уақытта анасының да, бір ұлы мен екі қызының да жағдайы жақсы.

    Егіздердің анасы – Мафтуна Тошпулатованы құттықтау үшін жақын туыстарымен бірге аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық халыққа білім беру бөлімінің басшысы перинаталдық орталықта болып, сый-сияпат жасады.

    Егіздерге Мадинахон, Мухаммедзия және Муслимахон есімдері берілді, деп хабарлады Баяуыт ауданы әкімдігінің ақпарат қызметі.