8 март – Халықаралық әйелдер күні Сырдария облысынының Гүлістан қаласында жасайтын Мақсуда Каримова мен оның отбасы мүшелері үшін қос қуаныш болды.
Мереке қарсаңында бұл отбасының қатарына үшем қосылды. Отыз беске толған Мақсудахан осыдан біраз уақыт бұрын Гүлістан қалалық медициналық бірлестігінің акушерлік кешеніне жатқызылған еді.
Мұнда білікті дәрігерлердің бақылауымен босану сәтті аяқталды. Нәтижесінде үш бірдей егіз қыз - Фатимахан 2,2 кг, Зухрахан 2,5 кг, Захрахан 2,2 кг салмақпен дүниеге келді.
Қазіргі уақытта ананың да, сәбилердің де денсаулығы жақсы. Тәжірибелі мамандардың бақылауымен күтіп-баптау жалғасуда. Егіздер үйлеріне оралған соң Мақсуда Каримова алты баланың тәрбиесімен шұғылданады.
Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын осы медициналыі мекемесі — Гүлістан қалалық медицина бірлестігінің акушерлік кешенде Бойовут ауданына қарасты “Яни авлод” махалласында жасайтын Иродахон Маматқұлова да үшемді дүниеге әкелген еді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.