2022 жылдың 30 январында Өзбекстан парламенті делегациясының басшысы А.Саидов Еуропалық БАҚ және мәдени-гуманитарлық сала өкілдерінің қатысуымен бірқатар баспасөз конференцияларын өткізді.
«Diplomatic World» журналының Бас редакторы Барбара Дитрих пен «Diplomatic World Institute » талдау орталығының жобалары бойынша менеджері Альберто Туркстрамен өткен өзара сұхбаттар осылар қатарында.
Кездесу басында А.Саидов Президент Шавкат Мирзияев бекіткен «2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы институтының» мән-маңызына тоқталды. Сұхбатқа қатысушылар осыған байланысты берілген ақпарды ерекше қызығушылықпен қабылдады.
Атап айтқанда, Б.Дитрих адам құқықтарын, әсіресе қыз-келіншектердің құқықтарын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Ол ел басшылығының әйелдердің білімі мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту жөніндегі жоспарларына жоғары баға берді.
Журналист, сондай-ақ Даму стратегиясында Өзбекстанның « Құқық үстемдігі индексінде» жоғары дәрежеге қол жеткізген елдер қатарына қосуды мақсат еткенін де жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Еуропа жұртшылығының үнемі назарында болатын мәселе.
Сұхбат соңында «Diplomatic World» журналының келесі санында Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясына арналған мақала жариялауға келісілді.
Өз кезегінде, А.Туркстра Даму стратегиясында мемлекеттік билік органдарды жетілдіру бойынша белгіленген міндеттердің маңыздылығына назар аударды. Оның айтуынша, бұл саланы жетілдіруді жалғастыра отырып, нәтижелі де тиімді басқару жүйесін құрудың маңызы зор.
«Diplomatic World Institute» талдау орталығының өкілі Өзбекстанның сот-құқық жүйесін, адвокатура институты, құқық қорғау органдарының кәсіпкерлер мен меншік иелерінің құқықтарын қорғауға байланысты қызметін реформалауда белгіленген болашағы зор жоспарларына да жоғары баға берді.
А.Туркстраның пікірінше, мұндай тиімді мақсаттарға қол жеткізу, елдегі халықтың табысы мен жалпы әл-ауқаттың артуына әкелетіні сөзсіз. Осы орайда Өзбекстанның «жасыл» және цифрлық экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлуі Еуропада ерекше қызығушылық тудырып отыр, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының баспасөз қызметі.