Атап айтқанда, январь айында Бұхара облысында қуаты 270 МВт және Ташкент облысында 240 МВт болатын тағы екі жаңа жылу электр станциясы іске қосылды.
Сондай-ақ апрель айына дейін Самарқант облысында қуаты 100 МВт күн фотоэлектр станциясын іске қосу жоспарлануда.
Ташкент облысында қуаты 230 және 240 МВт екі жылу электр станциясы және Хорезм облысында 174 МВт бір жылу электр станциясы март айында, жыл соңына дейін Сырдария ауданында 220 МВт жылу электр орталығы іске қосылады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Мұның нәтижесінде Өзбекстанның энергетика жүйесінің іс жүзіндегі жалпы қуаты 16 мың МВт-тан асады.