Өзбекстанда ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді, тек Бұхара, Науаи, Самарқант, Жызақ, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында кей жерлерде аздап жаңбыр жауады.
Хорезм облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы 7-12o жылы болады.
Ташкентте ауа райы өзгеріп тұрады, жауын-шашын күтілмейді. Таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел еседі. Ауа температурасы 10-12o жылы болады.
Республиканың таулы аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы 2-7о градус жылы болады.