Бүгін түстен кейін кей жерлерде жаңбыр жауады

    Ел назарында 3 Fevral 2023 2172

    Бүгін күндіз Бұхара, Науаи, Қашқадария, Сұрхандария облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады.

    Күндіз Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауады, Ферғана аңғары облыстарында кешқұрым аздап жаңбыр жаууы мүмкін.

    Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм облысында жауын-шашын күтілмейді.

    Кей жерлерде тұман түседі. Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы 5-10° жылы, кей жерлерде 12-14° жылы болады.

    Елордамызда кешке аздап жаңбыр жаууы мүмкін. Жел 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы 10-12 градус жылы болады.

    Таулы аймақтарда өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, кей жерлерде қатты болады. Қар көшу қаупі бар. Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы 0-5 градус жылы болады.