Қалдықтарды басқару агенттігінің мәліметінше, бұл ірі өнеркәсіптік нысан Қытай Халық Республикасынан келген “Wangneng Environment” компаниясының қатысуымен салынып жатыр.

Жобаның жалпы құны 140 миллион АҚШ долларын құрап, толығымен тікелей шетелдік инвестиция есебінен қаржыландырылған.

Зауыт іске қосылғаннан кейін жылына 547,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мүмкіндігіне ие болады. Нәтижесінде облыста жылына 230 млн кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі. Бұл жаңа кәсіпорын да облыс тұрғындары үшін қосымша 150 жұмыс орнын ашады.