25 январь күні аймақтық электр жүйесінде болған ақаулардың себебінен республика бойынша электр қуаттарында үзіліс болды. Әрине, осы жағдай салдарынан Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытының жұмысы да уақытша тоқтады.

«Узбекнефтегаз» АҚ Басқару төрағасы Мехриддин Абдуллаевтың басшылығымен құрылған «Уақытша штаб» мүшелері электрмен қамтамасыз етуді қалпына келтіргеннен кейін басқармалардың, басқа да зауыттардың қызметі жолға қойылды. Жүйедегі кәсіпорындардың қызметі толығымен дерлік қалпына келтірілді.

Басқару төрағасы Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытына барған іссапары барысында технологиялық үдерістердің қайта жандануымен және құрылғылардың  жай-күйімен танысты.

Сапар барысында Бұхара мұнай өңдеу зауытының директоры Акбар Фазиловқа Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытында «Уақытша штаб» құрып, құрал-жабдықтардың толыққанды жұмысын қадағалау тапсырылды.

Сондай-ақ, республика тұтынушыларын мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету, осындай қиын жағдайда қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген барлық жұмысшы-қызметкерлерге қажетті жағдай жасау бойынша міндеттер белгіленді. Зауыттың орталық негізгі құрылымдық бөлімдерін аралап, технологиялық құрылғылардың істеу жағдайы мен осыған байланысты қажетті қаржылық мәселелерді талқылады. Орталық тарату шағын станциясында болып, негізгі өндірістік цехтың технологиялық аймағында орналасқан дизельдік генераторды және қажет болған жағдайда оның істеу жағдайын зерттеді.

Басқару төрағасы электр қуаты өшіп қалған жағдайда бұл генератордың автоматты түрде істеуін үнемі қадағалап отыру қажеттігін, сол арқылы зауыттың қызметін уақытша қауіпсіз тоқтатып тұруға қол жеткізу мүмкіндігін айтты.