Былғарыдан жасалған бұйымдарымыз халықаралық көрмеде жоғары бағаланды

    Бизнес 7 Sentabr 2023 1097

    Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «Fashion Style Russia» 3- халықаралық жеңіл өнеркәсіп көрмесі басталды. Көрмеге «Узчармсаноат» бірлестігіне мүше 10-нан астам кәсіпорын жаңа өнімдердің 100-ге жуық үлгісін қойды.

    Аталмыш көрмеде еліміздің кәсіпорындары Ресей базарының сұранысын жақсырақ үйренуге, алдағы жылы осы базарда өзекті болаған трендтермен танысуға тағы бір мүмкіндік алды.

    Көрменің алғашқы күнінде көптеген ресейлік компаниялар қаракөл өнімдеріне, балалар мен әйелдер аяқ киіміне қызығушылық танытты. Тағы бір маңызды жайт, Ресей компаниялары Өзбекстан кәсіпорындарымен ынтымақтастықта өндірген өнімдері көрмеге қойылды.

    Атап айтқанда, Ресейлдің «Красная Ветка» кәсіпорны Қоқандағы кәсіпорынмен бірлесіп өндірген балалар мен әйелдерге арналған спорттық аяқ киіммен қатысуда. Ресейлік кәсіпкердің айтуынша, келесі жылдан бастап барлық өндірістік үдерістер Өзбекстанға көшіріледі екен.

    «Караван-К» к»сіпорны да өткен жылы елімізде біріккен кәсіпорын ашып, тері бұйымдарын шығаруды қолға алған. Қысқа уақыттан кейін, Өзбекстанның шикізатынан жасалған дайын былғары халықаралық көрмеге қойылуда. Кәсіпорынның осы уақыт аралығында экспорттауды да жолға қойып үлгірген, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    Көрме 8 сентябрьге дейін жалғасады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates