Бұл шара Беларусь астанасында өткен «BelTexIndustry-2022» халықаралық көрме-жәрмеңкесінің аясында ұйымдастырылған «Заманалық жағдайда жеңіл өнеркәсіп. Жобалар, ынталандырушы факторлар, кооперация» тақырыбында талқылау барысында өтті.
Шара барысында «Узчармсаноат» ұйымының Мәскеу қаласындағы өкілетігінің басшысы Гулнора Бабич әлемнің елуден астам елінің өкілдеріне, яғни сала мамандары мен кәсіпкерлердің назарына Өзбекстанда осы салада жүзеге асырылған кең көлемді реформалар, инвесторлар үшін жасалған жеңілдіктер, экспортшылар үшін енгізілген қолайлылықтар туралы жан-жақты ақпарат берді.
2021 жылдың соңына қарай кедендік және салықтық жеңілдіктері, соңғы жылдарда салаға тартылған инвестициялардың көлемінің күрт асқаны және жергілікті тауар өндірушілердің сыртқы базарларда бәсекеге қабілеттілігінің артуы есебінен экспорт географиясының айтарлықтай кеңеюі сияқты факторлар нәтижесінде 2021 жылдың соңына дейін 421 миллион доллар көлемінде былғары-аяқ киім және елтіріден жасалған дайын бұйымдардың шетелдерге экспортталғаны шара қатысушыларының үлкен қызығушылығын оятты.
Талқылау барысында үстіміздегі жылдың 12-14 октябрь Ташкентте өткен «ЎзчармЭКСПО-2022» 13-халықаралық былғары, аяқ киім, елтірі және жүн көрме-жәрмеңкесінің өткізілуіне қатысты мәліметтер туралы ақпарат берілуімен қатар мүдделі ұйымдар алдағы конференцияға қатысуға шақырылды, деп хабарлайды «Дунё» АА.