Біріншіден, 2024 жылдың желтоқсанында Ташкенттен Хожакентке жаңа электр пойызы қатынай бастады.
Осы таулы аймақты заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, туризм, қонақ үй, көлік және басқа да көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, халықтың өмір сүру жағдайын одан әрі жақсарту мен халқымыздың мазмұнды демалуы, туризмі үшін жан-жақты заманауи және жайлы жағдай жасау.
Осы пойызда барлық қолайлы жағдайлар бар. Ол жылдам, бөлмелері жайлы, өте жылы, сонымен қатар мүгедектерге арналған пандустар да бар. Пойыздағы ең бастысы - табиғатты тамашалау, сұлулықты тамашалау және тау беткейлеріне саяхаттау.
Хожакент пен бұрынғы Чинор теміржол бекеттерін байланыстыратын көлік байланысын құру жобасына орай, тәжірибелі теміржолшылардың іс-әрекетімен Хожакенттен Чиноркентке дейін 1,5 шақырымдық жерге теміржол салынды, сонымен қатар Чиноркент теміржол бекетінің құрылып бітті және үстіміздегі жылдың 22 январь күніпайдалануға тапсырылды. Осыған орай өткен шараға Транспорт прокуратурасы, «Ташкент аймақтық темір жол торабы» филиалы, “Ўзтемирйўлйўловчи” АҚ басшылығы, Өзбекстан Республикасы Туризм комитетінің басқарма басшылары, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар аталмыш теміржол бекетінде жолаушыларға жасалған қолайлы жағдайлармен танысты. Мұнда қысқа мерзімде ұзындығы 150 метр перрон мен шатыр құрып пайдалануға берілді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектелген жолаушылар үшін тайғақтан қорғайтын тақтайшалар орнатылып, жолаушылар үшін жерасты тоннелі салынды.
Айта кетерлігі, бүгінге дейін бұл өңірге келетін жолаушылар электропоезда «Хожакент» станциясына дейін келіп, одан әрі автомобильдерге отырып бара еді. Бұл жолаушыларға қолайсыздық тудырды. Енді мұндай келеңсіздіктер жойылды. Яғни, Ташкенттен аттанатын жолаушылар мен туристер «Чинаркент» теміржол бекетіне жетіп келеді, осы жерден демалыс орындарына баруға мүмкіндік туды.
Зулхумор АКБАРОВА