Бүгін және ертең республикада ауа температурасы 36-41° шамасында, оңтүстік пен шөлді аймақтарда 42-43° ыстық болады. Жексенбіде аптап ыстық одан әрі көтеріліп, оңтүстік және шөлді аймақтарда кей жерлерде 40-43°, кей жерлерде 45°-қа дейін жетеді.
Ыстық ауаның кіріп келуі желдің күшеюімен белгіленеді. Бүгін және ертең республиканың солтүстік облыстарында, сондай-ақ Бұхара, Науаи облыстарының шөлді аймақтарында, жексенбіде республиканың кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 17 июльде кей жерлерде жел 22-25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін деп хабарлайды Өзбекстан гидрометеорология қызметінің орталығы.