Сенбі және жексенбі күндері республика аумағының үлкен бөлігінде құрғақ және өте жылы ауа райы сақталады. Жексенбі күні ауа температурасы күндіз 30-35° дейін көтеріледі. Тек республиканың солтүстік аумақтары Кавказ аумағцынан кіріп келетін ылғалды ауа массасының ықпалында болады. Қарақалпақстан мен Хорезм облысының кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай шағуы мүмкін.
9-10 май күндері ылғалды ауа массасы еліміздің барлық аймақтарын қамтиды. Республика бойынша кей жерлерде қысқа мерзімді найзағай жарқылдауы, 9 майда Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында, 10 майда республиканың басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады. 9 майда күндізгі ауа температурасы 30-35° шамасында сақталады, ал 10 майда 23-28° дейін төмендейді.
8 майда солтүстікте және шөл аумақтарда, 9-10 майда республика бойынша кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстікте және шөл аумақтарда 22-25 м/с күшейеді деп күтілуде, кей жерлерде шаң-тозаң көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Өзбекстан гидрометрология қызметінің орталығы.