Демалыс күндері салқын және жауын-шашын болады деп күтілуде

    Ел назарында 25 Avgust 2023 1541

    Жексенбі күні Өзбекстан аумағының басым бөлігінде ауа райының күрт өзгеруі күтілуде.

    Бүгін Өзбекстан аумағында күндіз аз бұлтты, құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Ауа температурасы 36-39 градусқа дейін жетеді.

    Ертең, 26 августа республиканың солтүстік-батыс аумақтарына Ресейдің оңтүстік аумақтарынан ылғалды және салқын ауа массалары кіре бастайды. Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысында және күннің екінші жартысында Бұхара, Науаи облыстарында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.

    Республиканың қалған аумақтарында 26 августта құрғақ ауа райы сақталады, ауа температурасы 33-36 градусты құрайды.

    27-28 август күндері ылғалды және салқын ауа массаларының ағыны Өзбекстанның барлық аумақтарын қамтиды. Барлық жерлерде бұлтты ауа райы күшейеді деп күтілуде, республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 23-28 градусқа дейін төмендейді. Түнде және таңертең ауа-райы сәл салқын болады. 28 август қарай түнде ауа температурасы 13-16 градусқа дейін төмендейді.

    Бұл күндері желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін, кей жерлерде 23-25 ​​м/с дейін күшейіп, кей жерлерде шаң-тозаң болуы мүмкін.

    27-28 август күндері республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында ауа райының өзгеруі байқалады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

    27-29 август күндері күтілетін нөсер жаңбырға байланысты республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында су тасқыны болуы мүмкін.

    Астанамызда:

    25-26 август күндері күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы 25 августа 36-38 градус, 26 августа түнде 22-24 градус, күндіз 34-36 градус ыстық болады.

    27 августантан 28 авгусқа өтетін түнде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

    28 август таңертең аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 24-26 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Узгидрометеорологиялық қызметтің орталығы.