Давлат Бобонов – әлемнің ең үздік дзюдошысы болуға үміткер

    Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2022 жылдың ең үздік дзюдошы болуға үміткер спортшыларды жариялады.

    «Жылдың ерлер арасындағы ең үздік дзюдошысы» аталымына үміткерлердің бірі ретінде жерлесіміз Давлат Бобонов табылғаны маңызды.

    Регламентке сәйкес, дауыс беру үдерісі 12-31 январь күндері аралығында awards.ijf.org платформасында өтеді. Жеңімпаз 5 февраль күні Париждегі «Үлкен дуылға» турнирі аясында жарияланады. Давлат Бобонов тағы 4 дзюдошымен күш сынасады: Тато Григалашвили (Грузия), Энди Гранда (Куба), Цогбатар Ценд-Очир (Моңғолия), Хифуми Абэ (Жапония).

    Айта кетейік, Бобонов 2022 жылы Париждегі «Үлкен дуылға» турнирі мен Конья-2021 Ислам бірлігі ойындарында қола медаль, Ұлан-Батырдағы «Үлкен дуылға» турнирінде күміс және Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.