Мемлекеттік бағдарламаның 2022 жылғы I тоқсандағы атқарылуы бойынша Министрлер Кабинетінің есебі тыңдалды

    Ел назарында 29 Aprel 2022 1107

    Сенаттың жиырма бесінші жалпы мәжілісінде 2022-2026-жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясының «Адам қадірін ұлықтау және белсенді махалла жылында» іс жүзіне асырылуына қатысты мемлекеттік бағдарламаның 2022 жылдың 1-тоқсанындағы атқарылу қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің есебі тыңдалды.

    Ағымдағы жылдың І тоқсанында мемлекеттік және қоғам өмірінің маңызды бағыттары бойынша 59 нормативтік-құқықтық, тағы басқа да құжат қабылданды.

    Қаралған шаралардың нәтижесінде экономикада бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді.

    Атап айтқанда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы ішкі өнім 105,8 пайызға өсуі қамтамасыз етілген. Сауда айналымының көлемі 59,1 триллион сумды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 110,8 пайызға өскен. 2 миллиард 448 миллион долларлық шетелдік инвестиция игерілді, бұл болжам 167 пайызға орындалған. Республика экспорты (арнайы экспортты қоспағанда) 2,7 миллиард долларды құрап, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті.

    Махалла институтының рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде.

    Атап айтқанда, 695 махалла кешені салынған, 16 махалла ғимараты қайта жөндеуден өтті, 55-і жөнделді, 205 махалла ғимаратында құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Сонымен қатар, махаллалар тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 822 “Жанкүйер жастар” қоғамдық патрульдік топтар қызметі құрылып, оларға 14 957 жас тартылды.

    Әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықты қолдау мақсатында бірқатар шаралар қарастырылған.

    Атап айтқанда, ашық электронды байқауларда 55,9 мың гектар жер алаңдары 256 мың жеңімпазға бөлінген. Содан «Темір дәптерге», «Әйелдер дәптеріне» және «Жастар дәптеріне» тіркеуге алынған 81 мыңнан астам отбасына 13,8 мың гектар, шетелден елге оралған 15 мыңнан астам азаматқа 2,5 мың гектар жер учаскесі бөліп берілген.

    Тұрғын үйін жөндеуге мұқтаж 2,1 мың мүгедектігі болған тұлғалар жанұясының 1,7 мыңы (80,1 пайыз) үй жөндеп берілді. Тұрғын емес аумақта тұратын 847 отбасы 268-і (32 пайызы) тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, 456-ының (54 пайызы) пәтерақысы төлеп берілуде.

    Жиналыста сенаторлар Бағдарламаның атқарылуын қамтамасыз етуде жүзеге асырылған істер мен қатар кейбір кемшіліктер де бар екенін айтты.

    Атап айтқанда, Бағдарламаның бірқатар пункттерін іске асыру бойынша тиісті нормативтік-құқықтық құжаттар жобаларын қабылдау үдерісі кешігуде. Бұл экономиканы одан әрі ырықтандыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медицинаны дамыту сияқты маңызды салалардағы тиісті өзгерістерді жүзеге асыруды кешіктіруде.

    Сондай-ақ, Мемлекеттік бағдарламаның атқарылу барысын талқылауда сенаторлар тұрғындардың көптеген наразылықтарға себеп болып жатқан мәселелерге айрықша көңіл бөлді.

    Талқылау соңында Сенаттың тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates