Мемлекет басшысы Нүкістегі жаңа клиникаға барды

    Билік 21 Sentabr 2021 6249

    Президент Шавкат Мирзияев бүгінгі сапары аясында Қарақалпақстан медициналық институты қасындағы балалар клиникасына барды.

    Мемлекет басшысы төрт жыл бұрын дәл осы мекеменің құрылысының алғашқы іргетасын қойған болатын. Атаулы кешен осы айда пайдалануға берілді.

    Клиникада жылына стационарлы жағдайда 3,6 мың, амбулатор жағдайында 22,4 мың науқасқа қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Мұнда туа біткен және созылмалы аурулары бар балаларға жоғары технология негізінде диагноз қойылады және емделеді. Балалар кардиохирургиясы, шағын инвазивті хирургия, нейрохирургия, офтальмология, оториноларингология, ортопедия және гинекология бөлімдері заманауи жабдықтармен жабдықталған.

    Ауруханада 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Профессорлар мен медицина қызметкерлері Оңтүстік Корея, Жапония, Австрия және Ресей сияқты елдердегі жетекші клиникаларда тәжірибе жинақатап келген мамандар.

    Президент осында емделіп жатқан балалармен көрісіп, олардың аналарымен сұхбаттасты: - Ананың бақыты - бұл бала. Осы бақытты қорғау, науқас балалардың сауығуы, дені-сауы ауырмауы үшін барлық әрекетті жасаймыз, - деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы сонымен қатар осында практикада болып тұрған институт студенттерімен кездесіп, олармен сөйлесті. Медициналық білім беру ұйымдарында ақпараттық технологиялар бойынша сабақтардың санын көбейту қажет екендігі айтылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates