Мемлекет басшысы намангандық жастармен кездесті

    Билік 3 Fevral 2023 6513

    Президент Шавкат Мирзияев Наманган облысына жасаған жұмыс сапарында «Жаңа Өзбекстан жастар орталығы» кітапханасына барды.

    Бұл кешен 2021 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде кітапхана қорында 70 мың кітап бар. Кітапхана әлемдегі ең ірі электронды кітапханалар желісіне қосылған. Бұл арқылы шетел әдебиетін еркін әрі тегін пайдалануға болады.

    Мұнда келушілер арнайы ID-карта алады. Барлық процестер электронды түрде жүзеге асырылады.

    Бірінші қабатта 12 жасқа дейінгі балалар мен зағип жандарға арналған жеке оқу залы бар. балалардың шығармашылық қиялын байыту үшін көптеген құрал-жабдықтар қойылған. Екінші және үшінші қабаттарда жалпы оқу залдары, мұрағат жертөледе орналасқан. Сондай-ақ, мұнда жастар ақпараттық технологияны меңгере алады.

    Мемлекет басшысы осында намангандық жастармен тілдесті.

    – Наманган – ұлы ғұламалар мен шебер кәсіпкерлер елі. Қазірдің өзінде жастар экономика, өнер, спорт салаларында үлкен жетістіктерге жетуде. Оларды естіп, көріп қуанамын. Жастарымызға көбірек мүмкіндік жасау керектігін ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

    Облыста ұл-қыздарға арналған көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы ұйымдаспаған жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға 140 миллиард сум бөлініп, 6 мыңнан астам жас өз жолын тапты.

    Сондай-ақ 2500 гектар егістік жерді бөлу нәтижесінде 20 мың жас жұмыспен қамтылды. Жағдайы төмен 5 мыңға жуық жас студенттің оқу ақысы төленді.

    Сұхбат барысында осы мүмкіндіктерді жалғастыруға бағытталған жобалар мен бастамаларға баса назар аударылды.

    – Биылғы жылды елімізде «Адамға көңіл бөлу және сапалы білім жылы» деп жариялағанымызды білесіздер. Мектепте біз екі шет тілін және бір мамандықты меңгеру талабын енгізудеміз. Осындай көрікті жерлер мен спорт кешендері салынуда. Осының бәрі бірігіп, өмір мектебіне айналуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Сондықтан түлектерді жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқытуға бағытталған «Өмір мектебі» бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда Наманган облысының тәжірибесі жасалады.

    Ғылыми зерттеулерді қолдау, спортты кеңінен насихаттау, ойын-сауық шараларын ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    Осымен президент Шавкат Мирзияев Ферғана алқабы аймақтарындағы үш күндік сапарын аяқтап, Ташкент қаласына қайтып оралды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates