Өзбекстан мен Қазақстан жоғары оқу орындарының филиалдарының өзара ашылуы бауырлас екі ел арасындағы көп қырлы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанының тағы бір дәлелі болды.
Бұл оқу орындарында жоғары сұранысқа ие техникалық бағыттар бойынша білікті кадрлар дайындалады.
Өзбекстан мен Қазақстан басшылары «Сиань – Қорғас – Алматы – Сарыағаш – Ташкент» бағыты бойынша алғашқы жүк пойызының келуіне арналған салтанатты шараға да қатысты.
Жүк пойызы Сиань қаласындағы Қазақстан-Қытай терминалынан «Қорғас» құрлық портына бет алды. Онда контейнерлер қайта тиеліп, Қазақстан теміржолымен «Сарыағаш» станциясы арқылы соңғы мекен – «Ташкент» станциясына жөнелтілді.
Бұл бағыт жүк тасымалдау уақытын қысқартып, сауда көлемін арттыруға күшті серпін береді.