Мемлекеттік медициналық мекемелерге тіркеуге қоюддың жаңа тәртібін білесіз бе?

    Енді азаматтар мемлекеттік медициналық мекемелерге онлайн түрде немесе тікелей өтініш беру арқылы тіркеле алады.

    Үдеріс төмендегі реттілікпен жүзеге асырылады:

    1. Жүйеге кіру – Пайдаланушы Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталына (my.gov.uz) кіріп, «Жеке кабинет» бөліміне өтеді.

    2. Қызметті таңдау – «Қызметтер» бөлімінен Денсаулық сақтау категориясын таңдайды.

    3. Медициналық мекемелерге біріктіру – осы бөлімде «Жеке тұлғаларды мемлекеттік медициналық мекемелерге тіркеугеқою» қызметін таңдайды.

    4. Деректерді енгізу – Ашылған бетте келесі басқыштар орындалады:

    • Аумақты таңдаңыз;
    • Аудан бойынша медицина мекемесін таңдау;
    • Медициналық мекеменің нөмірін белгілеу;
    • Дәрігерді таңдау;

    5. Бекіту – Дәрігерге біріктіру түймесі басылып, өтініш ресмилендіріледі.

    Сондай-ақ азамат тұрақты тұрғылықты жеріне немесе уақытша тіркеуден өткенде, оны жаңа мекенжай бойынша мемлекеттік медициналық мекемесіне автоматты түрде тіркеу жүйесі енгізілді. Бұл халыққа ыңғайлы әрі жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.