Заңмен мемлекеттік органдарда азаматтық қызметі өтеу тәртібі, осы саладағы мемлекет басқаруы, мемлекет қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі белгіленді.
Мемлекеттік азаматтық қызметті өтеуде осы Заңмен реттелмеген қатынастарға
Еңбе кодексі қолданылады.
Мемлекеттік қызметкер өз басшысының заңсыз тапсырмалары мен талаптарын орындаудан бас тарту, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағанда мемлекеттің қорғауында болуға құқылы.
Мемлекеттік қызметкерге кәсіпкерлікпен айналысуға, оның құрылтайшысы болуға, Өзбекстаннан тыс жерде есепшот ашуға, шетелде жылжымайтын мүлік алуға тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметкер өзінің табысы мен мал-мүлкі туралы декларация беруі керек.
Президент тарапынан бекітілетін мемлекеттік қызмет лауазымдарының реестрі Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі жүргізеді.
Мемлекеттік қызметке мемлекеттік тілді білетін және тиісті біліктілік талаптарына жауап беретін Өзбекстан азаматтары қабылданады.
Мемлекеттік қызметкерлер үшін 5 күндік жұмыс аптасы және аптасына 40 сағаттан аспайтын жұмыс белгіленеді.
Мемлекеттік қызметкерге ақы төлеу мыналардан тұрады:
- базалық лауазым жалақысы;
-көп жылдық қызмет үшін қосымша төлем;
-біліктілік деңгейі үшін қосымша төлем;
- тиімділіктің ең маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізгені үшін үстеме;
-есеп беру қорытындылары бойынша ынталандыру төлемдері.
Мемлекеттік қызметкерге сөгіс, айыппұл салу, жұмыстан босату, сондай-ақ біліктілік дәрежесін төмендету, лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жазалар да қолданылады.
Мемлекеттік қызметкерлерге 27 күннен аз болмаған жылдық негізгі еңбек демалысы беріледі.
Заң ресми жарияланғаннан кейін 3 ай өткен соң күшіне енеді.