Дебютант режиссерлардың фильмдері суретке алынады

    Мәдениет 25 May 2021 962

    Кинематография агенттігі бастамасымен биыл алғаш рет өткізіліп жатқан «Дебютант старт — 2021» қысқа метражды фильмдер фествалінде жас режиссерлардың фильмдері грант негізінде суретке алынады.

    Аталмыш фестивальдің негізгі шарты қойылым режиссері дебютант болып, «Жаңа Өзбекстан» идеясы негізінде фильм суретке алынады.

    Оған 100-ге жуық тапсырылған сценарийлердің 40-ы саралап алынып қайта істеуге тапсырылған еді. Аталмыш сценарийлердің соңғы варианттары қабылданып, ең жақсы 15-не арнайы сертификат тапсырылды.

    Олар «Әлі соғыс аяқталмады» ( Д.Қосимов), «Соддадил» ( А.Нурматов), « Дуал» (Махмудов), «Пари» (Т.Муродов), « Журъат» (М.Турдиев), «Эртага мактаб»( А.Хайдаров), «Хамрох» (М.Нурмухаммедова), «Елес»( А.Жураев), «Жәрдем»( С.Жураев), «Соңғы сабақ» ( Ж.Каримов), «Қовоқ менинг жону дилим»( А.Назаров), «Пальто» (Ш.Тюнова) , « Монтаж» (Д.Усманов), «Санъат» (Ф.Турсунхужаева), « Скрипка» (А.Хамрақулов).

    Қазірде «Елес», «Хамрох» жобаларының суретке алу істері үшін дайындық басталды. Негізінен жас киношығармашыларынан құралған топ «Ешлик» киностудиясы зертханасында талқылануда.

    Аталмыш киноальманахқа он алтыншы болып «Олимпиада» (У.Рузимов) бірлескен өндірістік жобасы да қосылған.

    Жас киношығармашылардың барлық жобасына шебер әрі тәжірибелі кинорежиссерлар жұмылдырылып, шығармашылық ұжымымен бірге істейді және мемлекеттік грант негізінде қысқа метражды фильмдер суретке алынады, деп хабар берді Кинематография агенттігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates