Инфекция, мәлім болуынша, есіту қабілетінің төмендеуіне немесе гангренаға әкелуі мүмкін. Қазірде тек саусақтар мен аяқтарын кесіп тастауға мәжбүр болған науқастар бар.
“Өткен жылы жылы біз “дұшпанымыз” жайлы барлық нәрсені біліп алдық деп ойладық, бірақ жағдай өзгерді. Вирусты алдыннан айтып болмайтын болып қалды”, дейді Ченнай қаласындағы жұқпалы аурулар дәрігері Абдул Ғафур.
Дәрігерлер тікелей “Дельта” штаммы Үндістанда аурудың екінші толқынына себеп болған деп сендіруде. Бұл негізгі вирусқа қарағанда 50 пайыз көбірек жұқпалы саналады. Сондай-ақ жаңа штамм әлдеқашан 60 мемлекетте тіркелген.