“Денгизкул” кеніне табиғи газ құбыры орнатылуда

    Өнеркәсіп 25 May 2021 2796

    “Узбекнефтгаз” АҚ-ның Басқару төрағасы Мехриддин Абдуллаевтың тапсырмасына орай, табиғи газ бен газ конденсатын қазып алу көлемін арттыру мақсатында салада кең көлемді істер жүзеге асырылуда.

    Мубарек мұнай және газ қазып алу басқармасының бір тәулікте табиғи газ қазып алу көлемін көбейту және газ құбырларындағы сығылудың алдын алу мақсатында “Уртабулоқ — Денгизкул” мұнай және газ кендері кешеніне қарасты “Денгизкул” кенінде табиғи газ құбырларының құрылыс істері жүргізілуде.

    “Денгизкул” кенінде жоба негізінде құрылып жатқан кіру тармағы блогының 8-кезегінен “Денгизкул” сығу компрессор станциясына дейін 426х18мм диаметр, ұзындығы 1800 пм табиғи газ құбырының құрылыс істері аяқталу басқышына жетті.

    Құрылыс құрамалау істерін “Мубарекмұнайгаз-Қурувчи” ЖШҚ жүргізіп, бүгінде 1800 пм құбыр әкелінді және дәнекерлеу істері мен жер қазу істері толық орындалды. Қазірде газ құбырын жалғау үшін дайындық істері жүргізілуде.

    Сонымен қатар жұмсалатын қаржыны қысқарту мақсатында газ құбыры құрылысына қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етіледі.

    Аталмыш газ құбырларының іске түсірілуі нәтижесінде 2021 жылда “Узбекнефтгаз” АҚ-ның өз қаржысы есебінен іске қосылуы жоспарланған 321-325 ұнғылардан қазып алынатын табиғи газды кіру тармағы блогының 8-кезегі арқылы басқа құбырмен сығу компрессор станциясына өткізу мүмкіндігі жасалады.

    Бұдан тыс, кендегі газ құбырларының кеңейту арқылы құбырларда газдың сығылуы жойылып, газ өткізгіштік қабілеті артуының арқасында бір тәулікте газ қазып алу көлемін көбейтуге қол жеткізіледі, деп хабарлайды “Узбекнефтгаз” Баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates