Антарктида түбегінің мұз жамылғысы 2100 жылға қарай 20 пайызға қысқаруы мүмкін, бұл өз кезегінде жаһандық теңіз деңгейінің айтарлықтай көтерілуіне алып келеді, деп хабарлады tass.ru.

Бұл туралы The Daily Mail халықаралық зерттеушілер тобының есебіне сілтеме жасап хабарлады.

Ең қолайсыз сценарий бойынша түбектің мұз жамылғысы 2100 жылға қарай бестен бір бөлігіне қысқаруы мүмкін, бұл пингвиндер мен киттер сияқты  солтүстік жануарлары үшін күрделі салдарға әкелуі және одан тыс жерлерде де апатты оқиғаларға себеп болуы ықтимал, деп атап өтеді басылым.

Зерттеудің бас авторы, Ньюкасл университетінің профессоры Беван Дэвистің айтуынша, «Антарктидадағы өзгерістер теңіз деңгейінің көтерілуі, мұхит пен атмосфера арасындағы өзара әрекеттестіктің өзгеруі және су айналымының өзгеруі арқылы әлемнің қалған бөлігіне әсер етеді».

Есептің тең авторы, Британдық Антарктика қызметінің профессоры Питер Конвей атап өткендей, Антарктидаға бірнеше рет барған ғалымдар үшін «уақыт өте келе өзгерістер өте айқын бола түседі».